Петриков суретінің сиқыры: Украинадан келген қонақтың шеберлік-классы
19 шілде күні қаламыздың Украинадан келген қонағы, Киев қаласындағы №262 мектептің мұғалімі, Петриков стиліндегі суретші Наталья Борисовна Морозова Абай атындағы кітапханада болды.
Алыстан келген суретші қонағымызға кітапхана бойынша экскурсия жүргізіліп, кітапхананың тарихы, бөлімдері, қызмет бағыттары бойынша ақпараттар берілді.
Н. Б. Морозова «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысатын балаларға арнап шеберлік-класын өткізді.
Үйірмеге қатысатын балалар бұл өнер түрінің Днепропетровск облысының Петриковка ауылында қалыптасқан украиндық сәндік-ою-өрнектелген халық кескіндемесі, бұл өнер түрінің атауы қайдан шыққаны, тарихы, сурет салу тәсілдері туралы қызықты ақпараттар алды.
Украиналық қонағымыз өзімен бірге безендірілген тәрелкелер алып келген және балалар бұл туындыларға үлкен қызығушылық танытты.
Балалардың назарына сәндік ою-өрнектермен көмкерілген тәрелкелкалардан басқа, осындай әшекеймен айналысатын украин балаларының жұмыстарының фотосуреттері көрсетілді.
Біздің үйірменің балаларына шеберлік-класс өте ұнады, олар сұрақтар қойып, жауаптарды қызығушылықпен тыңдады, сондай-ақ алдағы уақытта осындай өнермен айналысуға тілек білдірді.
Морозова Наталья Борисовнаға қызықты және танымдық іс-шара үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.