Оқы, ойла, өзіңді жетілдір: өзін-өзі дамыту бойынша кітап көрмесі
19 шілде күні Абай атындағы кітапханада «Оқы, ойла, өзіңді жетілдір» атты өзін-өзі дамыту бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: азаматтардың өмірге оң көзқарастарын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға, психологиялық тұрғыдан ақпараттар алуына қолдау көрсету.
Аталған шара оқырмандардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандырып, қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасайды. Кез келген адам қабілетті және интеллектуалды болғысы келеді. Бірақ сол бағытта жұмыс жасағысы келмейді. Ал мұның бәрін жеңу үшін адамға арнайы дәріс немесе жігер керек. Ал ол мотивацияны қайдан алуға болады деген сұраққа біз «кітаптан» деп жауап береміз.
Кітап көрмесінде ең үздік кітаптардың өзін-өзі дамытуға, көптен күткен алға қадам жасауға көмектесетін, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы А. Некрасов «Большая книга достижения успеха», «Развивай свой мозг», «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», А.Рысмендиевтің «Кәсіпкерлік құпиясы» атты кітаптар топтамасы қойылып, қысқаша шолу жасалынды. Мұндағы оқырмандардың ерекше көңілінен шыққан кітап ол Стивен Р. Ковидің кітабы, өмірге оң көзқарасты қалыптастыру және өзін-өзі дамытуға ұмтылу, психологиялық денсаулықты қолдаудаға арналған. Сондықтан оқырман қауымға өзін-өзі дамытуға арналған кітаптарды осы ұйымдастырылатын кітап көрмесі арқылы ұсынылды. Оқырмандар оқыған кітаптарын бірге талқыға салып, «Кітап саған ұнады ма?» деген тақырыпта әңгіме жүргізілді.