Абай: жаңаша үлгідегі басылым
Ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 174 жылдық мерейтойы қарсаңында «Хабар» телеарнасы үшін Абай кітапханасының қызметкерлері ұлы ақынның 175 жылдығына орай 2019 жылы Семейдегі «Интеллект» баспасынан жарық көрген 2 томдық «Абай: жаңаша үлгідегі басылым» атты жаңа туындының кітапхана қорына қабылданғаны туралы ақпарат берді. Бұл басылымның басқа басылымдардан ерекшеленетіні, Абай шығармаларының хронологиялық тәртіппен берілетіндігі атап өтілді. Абайдың жаңа басылымдағы 2 томдықтың авторы және құрастырушысы – философия ғылымдарының кандидаты Асан Омар.