• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат»: ғылыми-танымдық конференция

«Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат»: ғылыми-танымдық конференция

  • 19.08.2019

18 тамыз күні ұлы  ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар бағытындағы «Ұлы Абайдың ізімен…»  рухани сапарына шыққан делегация мүшелері Сұлтанхан Жүсіп, Марат Әбсемет, Алмахан Мұхаметқалиқызы, Сағымбай Жұмағұл және т.б. зиялы қауым өкілдері кітапханада болып, семейлік зиялы қауым өкілдерімен, оқырмандармен кездесіп, ғылыми-танымдық конференция өткізді.

Шара қонақтарын «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» және « Абай әлемі»  – жауһар басылымдар кітапханасы» тақырыбында  кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды. Қонақтар экспозицияда ұсынылған кітапханамыздың сирек басылымдар қорындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаевтың  қайраткерлік тұлғасын ашып көрсететін басылымдармен, Абай оқыған әдебиеттер әлемімен және Елбасының «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында ШҚО әкімі Даниял Ахметовтың қолдауымен жүзеге асырылған «Абай әлемі» жобасы бойынша жарық көрген өңір авторларының кітаптарымен танысты.

Конференцияға Семей қаласы әкімінің орынбасары  А.Садырбаев, семейлік  зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары және кітапхана оқырмандары мен қала жастары  қатысты.

«Ұлы Абайдың ізімен…» рухани сапары ғылыми-танымдық экспедициясын басқарып келген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебаев Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуын паш ету,  хакім Абайға тағзым ете отырып, оның рухани әлемін кеңінен ашу, Абайдың рухани мұраларын елдің санасына сіңіру,  ақын жүріп өткен қасиетті өңірлердің тарихын, рухани мәдениетін көпшілікке насихаттау, «Қасиетті Қазақстан» жобасына Абай жүрген жерлердің тізімін енгізу, киелі жерлер туралы танымдық материалдар жинақтап, халыққа жариялау осы сапардың мақсаты екендігін түсіндіріп, экспедиция мүшелерін таныстырды.

Бірінші болып сөз алған  әлихантанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы Жүсіп Абайдың шығармашылығына шолу жасап, абайтанудың басында Әлихан Бөкейханұлының тұрғандыған, сонан кейінгі Алаш қайраткерлерінің Абай туралы жазғандығын, Әлиханның Абайдан тәлім алғандығын  айтып, осындай маңызды фактілерді ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет екендігін ескертті. Әлихан Бөкейханов туралы дайындаған 2018 жылы  жарық көрген 15 томдық  кітаптарын сыйға тартты.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсембет  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Абайдың туғанына 175 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту тапсырмасын жүктегендігін және осы сапардан алған үлкен әсерін айтып, Абай шығармашылығына ең жоғарғы баға берген Кәкітай Ысқақұлының мақаласына тоқталды.

Профессор Сағымбай Жұмағұл осы танымдық сапардан алған әсерімен бөлісіп, сапар барысында Абай жүріп өткен жерлердің әлеуметтік, инфрақұрылымдық жағдайына және абайтануға үлкенді-кішілі еңбек сіңіріп келген зиялы қауым өкілдерінің еңбектерін бағалау қажеттігін айтып өтті.

Алаштанушы  Елдос Тоқтарбайұлы абайтанушы ғалым Р.Нұрғалиев тұрған үйге аялдағанын, Абай жерінің әлеуметтік мәселелерін айтып, абайтану саласына жаңа көзқараспен жаңалықтар енгізуіміз қажет, осы сапарда Абайға қатысты туындылар салып, сурет галереясын дайындап, Абай музейіне тапсыруымыз міндет деп баяндады.  Жас ғалым кітапхана қорына «Барлыбек туралы бірер сөз» атты  Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Барлыбек Сырттанұлына қатысты архивтік құжаттары мен суреттері енген жинақ  және «Сөз – сәуле» атты портреттік эсселер мен толғаныстар жайлы кітапты сыйлады.

Конференцияда  сөз алған Семей қаласының зиялылары Медеу Сәрсеке, Молдабек Жанболатов, Арғынбек Ахметжанов, Мұрат Сұлтанбеков, Отантай Кәріпжанұлы қонақтарға ризашылдығын білдіріп, 175 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, өз пікірлерін білдірді.

Шара соңында рухани сапардың өкілдері қатысушыларға алғыстарын білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне  шығармашылық табыс тілеп, Семей жерінің қасиетті орындарымен танысуға жол тартты.

Аталмыш шара қатысушылар үшін тағылымды және  тың жаңалықтарқа толы болды.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көне Семей: көрме
22шіл.2025
Шәкәрім мұрасы – ұрпаққа аманат: пікір алмасу алаңы
22шіл.2025
Біз достармен зерікпей ойнаймыз және оқимыз: ойын бағдарламасы
16шіл.2025
Мен жаздың суретін саламын: асфальтта сурет салу
10шіл.2025
Әдебиет – ардың ісі: кең көлемді кітап көрмесі
08шіл.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now