Ата заң – біздің өмірімізде: кең көлемді кітап көрмесі
Абай атындағы кітапханада 30 тамыз Қазақстан Республикасы Констиуциясы күніне байланысты «Ата заң – біздің өмірімізде» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ата Заңымыздың қалыптасуы, маңызы мен тарихи рөлін қала тұрғындарына таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға кітапхана пайдаланушылары қатысып, ел азаматтары үшін негізгі саяси құжат болып саналатын Конституция арқылы тұрғындар өздерінің заңды қорғалуын сезінетіндей мол мағлұматтар алды. Аталмыш көрме қала әкімшілігінің сұранысымен қала көлемінде Достық үйінде өткізілген мерекелік шара қонақтарына таныстырылды. Шараға қатысқан қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестік мүшелері және қала қонақтары үшін көрмеден орын алған маңызды құжаттарға шолу жасалды.
Көрмеге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың ата заңдары», Әз Тәукенің» жеті жарғы» заңдар жинағы, 10 томдық Қазақтың Ата заңдары атты жинақтары. Ә. Қопабаевтың «Ата заң -мемлекет дамуының іргетасы», М.Нәрікбаевтың «Ақиқаттың ақ жолы», М. Матаеваның «Конституционная история Казахстана и стран Центральной Азии XX века» атты мемлекеттік негізде қалыптасқан Конституцияның рөлін, халық пен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынасты ашатын кітаптар мен Фемида, Мысль, Праваовая реформа Казахстана, Егемен Қазақстан, Дидар газеттері мен журналдарынан баспасөз материалдары қойылып, шолу жасалды.
Көрмеден орын алған Қазақстан Республикасының тәуелсізсіз мемлекеттілігі мен еліміздің 1993 және 1995 жылғы Конституцияларына басты назар аударылды. Көрмеге барлығы 40 тан аса басылым қойылды.
Көрме қыркүйек айының 1-іне дейін өз оқырмандарын күтеді.