“Ең маңызды сөз – отбасы”: кітап көрмесі
Отбасы күні мерекесі Қазақстанда ҚР Президенті Жарлығымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланып келе жатыр. Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Осы атаулы күнге орай 6 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада жанұялық құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты болашаққа нық сеніммен тәрбиелеу мақсатында «Жанұя орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп «Ең маңызды сөз – отбасы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның барысында «Жанұя орталығының» басшысы Л.М. Асташкина отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, жастардың бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеттері жайында қатысушыларға мол мағлұмат берді.
Үш бөлімнен жасақталған кітап көрмесінің бірінші бөлімінде «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры ұсынған «Отбасы бақытының құпиясы», «Қынжылыссыз тәрбие», «Отбасылық дастархан», «Отбасылық демалыс», «Отбасылық суреттер» атты фотоматериалдар көрермендердің қызуғышылығын тудырды.
Көрменің «Отбасылық дастархан», «Отбасылық демалыс» бөлімдерінде әр түрлі халықтардың тағамдарын әзірлеуге арналған кітаптарымен бірге «Техника рисования», «Шитье и вышивка», «Макраме», «Вязание шапок» сынды жас жеткіншектерді икемділікке, іскерлікке баулитын кітаптар орын алды.
Көрмеге қойылған кітаптардың ішінде Барбара де Анжелистің “Секреты семейного счастья”, А. Целуйконың “Психология современной семьи”, Д.Карнегидің “Как быть счастливым в семье”атты кітаптарымен қатар, бала тәрбиесіне өте қажетті, отбасының әлеуметтік, рухани дамуына жол сілтейтін Вилм Лууленің «Родителям о воспитании», “Главная книга о воспитании детей или о том, как помочь своему ребенку стать счастливым”, Райнпрехттің “Воспитание без огорчений” әдебиеттер топтамасы ұсынылды.
Шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Ильиндар және Черновтар жанұясы өз отбасыларының құндылықтары мен салт-дәстүрлері және отбасымен бірге кітапқа деген қызығушылықтары жайында баяндап, жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.
Кітап көрмесіне 100 ден астам кітаптар мен мезрзімді басылымдар қойылды.