• Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана шежіресі
      • Кітапхана басылымдар беттерінде
      • Кітапхана туралы пікірлер
      • Құттықтаулар
    • Кітапхана ісінің ардагерлері
    • Біздің жетістіктер
    • Пайдалану ережелері
    • Кітапхана ережесі
    • Бөлімдер
    • Автографы гостей библиотеки
  • Ақпараттық ресурстар
    • Шыңғыстаудың үш шыңы
      • Абай Құнанбаев
      • Мұхтар Әуезов
      • Шәкәрім Құдайбердіұлы
    • «Заң» деректер базасы
    • Электрондық каталог
    • Семейлік жергілікті мерзімді басылымдар
    • Жаңа түскен әдебиеттер
    • Мерзімді басылымдар
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Сирек басылымдар
    • Пайдаланушылар назарына
    • Сирек кездесетін кітаптар
    • Сирек өлкетану қоры
    • Анықтамалық басылымдар
    • Сандық жүйедегі әдебиеттер
    • Ұлт зиялыларының асыл мұралары
  • Өлкетану
    • Семей қаласының тарихы
    • Семей қаласының экономикасы
    • Семей өңірінің әдебиеті мен өнері
    • Өлкенің киелі орындары туралы
    • Өлке тұлғалары
    • Өлке туралы жаңа басылымдар
  • Байланыстар
  • KZ
  • RU
Кіру
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіАбай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СҰРАҚ ҚОЮ

Онлайн виртуалды анықтама

ҰЗАРТУ

Кітаптарды пайдалану мерзімін ұзарту

БӨЛІМДЕР

Кітапхана бөлімшелері
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Сахараның дана ойшылы» онкүндіктің жабылу салтанаты

«Сахараның дана ойшылы» онкүндіктің жабылу салтанаты

  • 24.07.2013

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2013 жылдың 24 шілдесінде Орталық саябақпен бірігіп, қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті аса ірі ақын, ойшыл философ Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл толуына орай «Сахараның дана ойшылы» библио шаңырақ аясындағы онкүндіктің жабылу салтанатын өткізді.

Өткізілген уақыты: 24 шілде 2013 жыл. Өткізілген орны: Орталық саябақ алаңындағы арнайы тігілген қазақ үйі. Қатысушылар: зиялы қауым, қала тұрғындары мен қонақтары, кітапхана пайдаланушылары. Қатысушылар саны: 175 адам. Шараның мақсаты: қала жұртшылығына Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір деректерін, шығармашылық қызметін жақын таныстыру. Отандық әдебиетке деген ықыластырын, қызығушылықтарын арттыру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қорындағы Шәкәрім шығармаларын алуын және өз шығармашыллықтарына пайдалануын қамтамасыз ету.

19b Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері 2013 жылдың 24 шілдесінде Орталық саябақпен бірігіп, қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті аса ірі ақын, ойшыл философ Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл толуына орай «Сахараның дана ойшылы» библио шаңырақ аясындағы онкүндіктің жабылу салтанатын өткізді. Қала жұртшылығы Орталық саябақта шілде айының 15-24 аралығында кітапхана қорындағы Шәкәрім туралы басылымдардан ұйымдастырылған кең көлемді кітап көрмесі мен Шәкәрім туралы деректі фильмдерді тамашалау мүмкіншілігіне ие болды. Кітапхана қорындағы Шәкәрім шығармашылығы жайында жақын жылдары жарық көрген басылымдар қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Орталық саябақта арнайы тігілген қазақ үйінің алдында «Жас ақындар шеруі» тақырыбында Халықтық ақындар орталығының шәкірттері: Біржан Ахмер, Мұхаметрахым Рүстем, Досжанова Рысгүл, Кенжебекұлы Қуандық, Талапхан Ерболат, Кенжина Лашын, Көжебай Мөлдір Шәкәрім бабамыздың өлеңдері мен ұлы ақынға арналған арнауларын оқыды.

19

Шараға шақырылған қаламыздың зиялы қауымы: қалалық әкімшілік ішкі саясат бөлімінің бас маманы Роллан Кемербаев пен ақын, ғалым, аудармашы, журналист Сұлтанбеков Мұрат Рахымжанұлы ғұлама ақын Шәкәрімнің төл әдебиетіміздегі алатын орны туралы оның өмір жолы, өнер мұраты, даналығы, дүниетанымдылығы туралы мол мағлұмат берді. Ақын Құсмилия Жырғалұлы Нұрқасым өзінің Шәкәрім ескерткішіне арналған «Шәкәрім ескерткіші ашылғанда» атты арнау өлеңін, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің үздік түлегі Рахымбекқызы Тоғжан Шәкәрімнің «Қалқаман Мамыр» поэмасынан үзінді оқып, белгілі қаламгер Жұмабек Қамбаров ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін нақышына келтіре орындап, келген қонақтарды бір серпілтті.

«Сахараның дана ойшылы» библиошаңырақ аясындағы онкүндік барысында шәкәрімтанушылар мен қаламыздағы зиялы қауым шаралардың жоғары дәрежеде өтуіне бір кісідей атсалысты. Шара соңында кітапхана директоры Шаймарданова Айгүл Әлімбекқызы онкүндіктің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Орталық саябақ директоры Ф.Н.Назарованы, «Шәкәрім» кітап үйінің директоры А.Ч.Далекинді, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Дәулет Сейсенұлын, Республикалық Абай қорының президенті Б.Ерсәлімовты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын К.Байгужиновті, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қызметкері А.Ұ.Бүркітбаеваны және жас ақындарды алғыс хатпен марапаттап, ризашылығын білдірді.

19a

Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері онкүндік аясында «Қазақстан-Семей», «ТВК-6» телеарналарының «Ой түйін», «Қайырлы таң», «Атқан таңға ақ тілек» телебағдарламаларына қатысты. Орталық саябақта, Шәкәрім даңғылында, Шәкәрім кітап үйі алаңында барлығы 11 шара өткізді. Сондай-ақ, әдеби телекөпір арқылы қостанайлық Л.Н.Толстой атындағы кітапхана оқырмандарына мол ақпарат беріп, қостанайлық зиялы қауыммен ой бөлісті. Онкүндікте 1300-ге тарта қала тұрғындары мен қала қонақтарын ақынның баға жетпес мұраларымен таныстырып, кітапхана қорындағы басылымдардан үлестірме материалдар дайындап таратты. Аталмыш шараларға «КТК», «Қазақстан-Семей», «ТВК-6» телеарналары мен «Радио-7» толқыны және «Время», «Егемен Қазақстан», «Дидар» және жергілікті басылымдар қатысты. Мәдени шараларға қатысқан көпшілік қаламыздың зиялы қауымымен, мәдени мекемелермен, қала тұрғындарын байланыстыратын осы іспеттес шаралардың демалыс орындарында жиі өткізілуін өтінді. Шара барысында кітапханамызға 100-ден аса жаңа оқырман жазылды. Жазылған оқырмандарға Абай атындағы кітапхананың тарихы мен қызметі жайлы ақпарат беріліп, кітапхана визиткалары ұсынылды. Ұлы бабамызды ұлықтау мақсатында өткізілген ауқымды шара қала тұрғындары үшін маңызды да ұтымды шара болды. «Сахараның дана ойшылы» библиошаңырақ жобасы жыл сайын Орталық саябақта өзінің жалғасын табады деген сенімдеміз.

ІЗДЕУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана: кеше, бүгін, ертең: ақпараттық сағат
03шіл.2025
«Алаш» электрондық кітапханасы – қазақ зиялыларының мұрасын сақтаушы цифрлық орта: электрондық кітапхана таныстырылымы
03шіл.2025
Сарбаз. Ұстаз. Жазушы: кітап көрмесі
13мау.2025
Ұлттық рәміз – ұлт рухы: әдеби сағат
05мау.2025
Менің Қазақстаным: ақпараттық сағат
04мау.2025

НАВИГАЦИЯ

  • Негізгі бет
  • Кітапхана жаңалықтары
  • Іс-шаралар афишасы
  • Кітапхана шежіресі

ОҚЫРМАНЫ ҮШІН

  • Анықтама қызметі
  • Кітапты ұзарту
  • Бөлімдер
  • Байланыстар

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Қазақстан, Абай облысы, Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ү.
Индекс: 071400
тел.: 8(7222) 52-04-94, 52-38-87
факс: 520-494
e-mail: semeybib@yandex.kz

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

САЙТТА ТІРКЕЛУ

Кіру | Тіркеу

Login with your site account

Lost your password?

Not a member yet? Register now

Register a new account

Are you a member? Login now