Далалы өлке зерттеушісі – Н.Я.Коншиннің туғанына 155 жыл: өлкетану қонақжайы
2019 жылы 26 қыркүйекте ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында кезекті өлкетану қонақжайының отырысы өтті. Шара заманында Абаймен жақын араласқан, өңіріміздің тарихында аты алтын әріппен жазылуға лайықты, айтулы тұлға Н.Я.Коншиннің туғанына 155 жыл толуына арналды. Өлкетану қонақжайына Жоғарғы Қайнар колледжінің 1курс студенттері, кітапхана пайдаланушылары қатысты.
Шараның мақсаты: Жас ұрпақ өкілдері студенттерді өлке тарихында жарқын із қалдырған тамаша тұлға Н.Я.Коншин жайлы кітапхананың алтын қорында сақталып отырған сирек кездесетін құнды өлкетану ақпараттарымен, көзі тірісінде жария көрген сирек дереккөздер-еңбектерімен таныстыру.
Шара барысында қатысушыларға Н.Я. Коншиннің өмір жолынан, белсенді қоғамдық қызметінен мағлұматтар берілді. Ол Семей облысына келген күннен бастап далалы өлке тарихы мен жергілікті халық тарихын, мәдениетін, этнографиясын жаяу да экспедициялар арқылы да, архив құжаттары арқылы да тыңғылықты зерттеп, аса мол ғылыми еңбектерін қалдырған. Оның өлкеміз жайлы туындыларының құндылығы күн сайын артуда.
Н.Я.Коншиннің өмір жолындағы еңбегінен нақты деректер беретін кітапхана қорындағы құнды басылымдарға студент жастар назар аударып, қызығушылықтары арта түсті.
Өлкетану қонақжайының отырысына қаламыздағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Лаура Қабдылғазыновна мұрағатта сақталған Н.Я.Коншиннің өз қолымен жазылған өмірбаяны мен жұмысқа қабылданған кезде толтырылған сауалнаманың түпнұсқасын студент жастарға көрсетті. Өлкеміздің ғылым салаларынан зерттелуіне, өркендеуіне өзінің орасан зор үлесін қосқан Н.Я.Коншиннің өз қолымен жазған әдемі каллиграфиялық қолтаңбасына және сол заманда жазылған сияның әлі күнге түсі өзгермегеніне таңданыстарын жастар жасыра алмады.
«Н.Я.Коншин тұңғыш кітапханашы» атты бейнеролик ұсынылып, шараны қорытындылау мақсатында студент жастарға сауалдар қойылып, Русланқызы Наргиз, Нуртазина Аружан, Дуйсенғазыұлы Аңсар, Рымғалиқызы Рымгүль, Шахатов Бекзат басқа да белсенді студенттерге шағын сыйлықтар тапсырылды.