Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 08

Жазушылар жылы: әдебиеттік танысу

8 қазан күні  балалар әдебиеті бөлімнінің қызметкерлері  №1 мектептің 7-ші «А» сынып оқушыларына ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларын  насихаттау мақсатында,  «Бір ел – бір кітап» республикалық акция шеңберінде «Жазушылар жылы» атты танымдылық шара  өткізді.

Шара барысында кітапхана қызметкері «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының тарихымен, жалпы оқуға арналған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың соңы» және Әбділдә Тәжібаевтің «Лирика» туындыларына талдау жасай отыра түсіндіріп, 2019 жылғы «Бір ел –бір кітап» акциясы туралы слайдымен толықтырылды.

Кездесу барысында оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың шығармашылық мұрасына арналған «Ақынның дауысы» буктрейлер көрсетіліп,  өлеңдер эстафетасы, «Қазақстан жазушыларының шығармашылығын жақсы білесіздер ме?»- деген викториналық ойын ұйымдастырылды. Шараға белсене қатысқан оқушылардың ішінде Юсупова Амина, Хұдайбердина Аделина, Альменова  Даяна,  Филатов Влад,  Щеголева Анналар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңдер жинағын нақышына келтіре мәнерлеп оқып, өздерінің білім деңгейлерін  жақсы көрсетті.

Шара соңында «Осы кітаптарды бірге оқимыз» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Балалар шарадан  ұлы тұлғалар жайында  мол мағлұматтарға қанығып,  жағымды оймен тарасты.