Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 25

Ә.Кекілбаевтың «Елең алаң», «Үркер» романдары бойынша оқырмандар конференциясы

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында 25 қыркүйек күні  жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін оқырмандарға дәріптеу мақсатында,   «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің классигі, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әбіш  Кекілбаевтың «Елең алаң», «Үркер» романдары  бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді.

Шараға  Шәкәрім атындағы университеттің филология факультетінің  3-ші, 4-ші курс студенттері мен кітапхана оқырмандары  қатысты.

Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең – алаң» романдарында қарастырылған халқымыздың тарихындағы ең бір тұлғалы кезеңі – Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, романдардың қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы, шығармалардың құндылығы, терең мазмұндылығы студенттер тарапынан еркін талқыланды.

Шара барысында студенттер романдардағы қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғалар желісіне сол оқиғалар турасындағы толғаныстар туралы, ұлттық психологияның дарқан, кеңпейіл, тамаша қасиеттері мен ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды, адамның жан дүниесін бейнелейтін психологиялық, әлеуметтік суреттерді, екі романның  бас кейпкері Әбілқайырдың  идеясын, тұлғасын  талқылап, романның көркемдік, философиялық мазмұнына тоқталды, конференция  жайында  ой – пікірлерімен бөлісіп, ұлының ұлылығын паш етті.