Абай сөзі – халықтың даналығы:онлайн кездесу
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 2019 жылдың 24 қыркүйегінде ұлы ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай, ақын мұрасын көпшілік оқырмандарға дәріптеу мақсатында Н. В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері және оқырмандарымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу кешті кітапхананың жас маманы Рауан Серікхан «Ұлтымның үлпілдеген жүрегі – Абай» деп мәнерлі жыр шумақтарымен ашты.
Кезекті сөз алған әріптестер қатысушылардың назарына «Абай есімі Қарағандыда» бейнекөрсетілім ұсынып, жас оқырмандар ақынның өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады.
Кеш иелері ұсынған «Абай – кітапхана оқырманы», «Абай атындағы рухани орталық» бейнекөрсетілімде Абай өмірінен ғана емес, оның Абай атындағы кітапханамен, ақынның қоғамдық қызметімен байланысы туралы баяндалып, «Абай мұрасы мәңгілік…» бағдарламасында Абай шығармаларының рухани болмысы, көп қырлылығы мен өзектілігі талқыланды.
Кездесуге қатысып отырған республикалық «Лад» қозғалысының мүшесі О.Ушакова, татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Г. Г. Ахунжанов, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Б.Тоқтарбековтер ұлы ақынымыздың өлең шумақтарын әр тілде нақышына келтіре оқып, кештің шырайын кіргізді.
Кездесуді М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Б. М. Қалибаев Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтап тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Онлайн кездесу «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы екенін айқындады.