Өмір сүру бақыт, жастық шақ – өте тамаша: печа-куча
Абай атындағы кітапханада 9 қазан күні 2019 – Жастар жылы аясында,
«Өмір сүру бақыт, жастық шақ – өте тамаша» тақырыбында жастарды өмірді сүюге, оның әрбір сәтін қадірлеуге, өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салуға, бағалауға бағытталған қаламыздың жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне печа куча ұйымдастырылды.
Қазіргі жас ұрпақ – қоғамның болашақ қайраткері, еліміздің тірегі, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын үміті, рухани ізгілікті, жаңару заманына лайықты, өзін-өзі басқара алатын жан-жақты тұлға.
Осыған орай кітапхана қызметкері шараға қатысушыларға жастардың бойындағы күш қуатты, қайрат-жігерді өмірде дұрыс таңдау жасауға, мақсат қоюға, өмірдегі ең маңызды шешімдерді қандай және оны қай уақытта қабылдауға болатындығы туралы тың ақпараттар беріп, оқыту іс-шарасын өткізді.
Печа-куча жастардың кітапхана қызметкерлерімен диалог түрінде қызықты өтті.Іс-шара барысында студенттерге жастар, салауатты өмір салты, өздерін бақытты сезіну туралы маңызды сұрақтарға жауап алатын бейнематериалдар көрсетіліп, кеңестер мен ұсыныстар берілді.Сондай-ақ олармен өмірлік мақсаттарды қоюға, өзіне арналған негізгі құндылықтарды анықтауға көмектесетін психологиялық тренинг элементтерінен жаттығулар өткізілді.
Шара қонақтарына мотивациялық әдебиет және жастар журналдары ұсынылды.