Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 15

Қазақ балалар әдебиеті мұрасы: көрме-шолу

15 қазан күні балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың  туғанына  95 жыл толуына  орай,  жазушының шығармаларын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Қазақ балалар әдебиетінің мұрасынан» атты кітап көрмесі  жасақталды.

Бердібек Соқпақбаев халқы сүйген, қалың оқырманы бағасын беріп, құрметпен мәңгі есінде сақтаған жазушы.

Шара барысында  кітапхана қызметкері сүбелі еңбектер жазған жазушының  өмірбаяны, шығармашылығындағы өткірлік, азаматтық өнегесі туралы  баяндады.

Көрмеге қалың оқырман  тарапынан зор ықыласқа ие болған «Өлгендер қайтып келмейді»,  «Балалық шаққа саяхат»,  «Қайдасың Гауһар ?», «Боз тобенде бір үй бар», «Ақбоз ат», « Жекпе –жек», «Он алты жасар чемпион» атты туындыларымен қатар ал кітапқа да, киноғда да арқау болған  «Менің атым Қожа» шығармасы,  жазушының мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар топтамалары  қойылды. Әсіресе жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындылардың бірі  «Менің атым Қожа» повесі болды. Арада қаншама жылдар өтсе де осы бір үлкен туындыны балалар қауымы жалықпастан, әлі оқуға ниетті.