Кемел талант, дара дарын: кітап көрмесі
19 қазан күні Абай атындағы кітапханада жазушы Қазақстанның халық жазушы, аудармашы, Ұлы Отан соғысының ардагері, М.Шолохов атындағы халықаралық және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Əбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жасқа толу мерейтойына орай, жазушы шығармашылығын оқырмандар қауымына насихаттау мақсатында «Кемел талант, дара дарын» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жазушының «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы тек Ә. Нұрпейісовтің ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің жетістіктері болып табылады.
Көрмеге өткен XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің төрт томдық шығармалар жинағы, «Соңғы парыз», «Сең», «Курляндия» романдары, «Қан мен тер» трилогиясы, Əшiмбаев С.Сын мұраты: Əдеби сын, Елеукенов Ш. «Əдебиет –тəуелсіздік қаруы: бүгінгі сөз өнері:өрісі мен өресі», Омаров І. Əдеби толғамдар: Сын мақалалар, зерттеулер кітаптарымен бірге жазушының мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар топтамалары келушілер назарына ұсынылды.
Шара барысында кітапханашы жазушы шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі, әлеуметтік-психологиялық шығарма «Қан мен тер» романының ерекшеліктері, Арал өңірі табиғатын өзіндік ерекшеліктерін, теңіз стихиясы барша қатал сұлулығымен адамдар тағдырын, олардың кәсіп-тіршілігінің сипатын, арман-мұратын, бейнелегені туралы және роман желісі бойынша екі бөлімнен тұратын кинофильмнің 1979 жылы кинофестивальда «Ең үздік тарихи-революциялық фильм» номинациясы бойынша бірінші жүлденің иесі атанғаны жайында қызықты ақпараттар беріп, жазушының есімін әлемге әйгіліген шығармалары насихатталды.