Қоқыс үйіндісінен – жақсы заттар жасаймыз: кітап көрмесі
23 қазан күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Қоқыс үйіндісінен – жақсы заттар жасаймыз» атты кітап көрмесін жасақтады. Шараның мақсаты: көрмеге қатысушылар мен кітапхана пайдаланушылары үшін, әр адам өзінің қолөнер шеберлігін жетілдіріп, керексіз заттардың өзінен тамаша бұйымдар жасауға болатыны жайындағы білімдерін кеңейту.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Шебердің қолы көпке ортақ» деген мақалды мысалға ала отырып, әр түрлі жарамсыз заттардан тұрмысқа қажетті заттарды қалай оңай жасауға болатынын үйрететін кітаптарды ұсынды. Олардың қатарында З.А.Богатеева «Чудесные поделки из бумаги», Н.В. Дубровская «Поделки из природных материалов», Ю.Б.Курганова «Поделки из проволки», О. Петрова «Мои первые поделки» т.б. кітаптар бар. Кітапхана қызметкерлері үйде немесе көлікжайда керек емес заттар жатса, оны лақтыруға асықпай, сәл ғана фантазия қосып, қоқыстың өзінен керемет туынды жасауға болатыны жайында атап өтті.
Көрмемен таныстыру барысында қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу ісі бойынша, қоқыс төгетін жерлер мен қоқыстың төгілу жолдары туралы мәліметтер беріліп, пластикалық шөлмектердің, ауа шариктерінің, полиэтиленнің, ракушкалардың екінші өмірі жайында қызықты баяндама жасалды. Осы шара арқылы әр азамат өзінің жүрген жерін керексіз, артық заттардан тазалап ұстау керектігін және сол заттардан әдемі туындылар жасау арқылы қоршаған ортаға тамаша көңіл күй сыйлай алатындығы жайында хабардар етілді.
Көрменің медия міндеті: кітапхана пайдаланушыларына керексіз заттардан қажетті бұйымдарды қалай жасауға болатыны жайындағы кітаптарды насихаттау, қоқыс зияндары туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.