Ұлттық теңге – мемлекет келбеті: экономика сағаты
Абай атындағы кітапханада 14 – ші қараша күні, Ұлттық валюта күніне орайластырып, Ұлттық теңге – мемлекет келбеті тақырыбында экономика сағаты ұйымдастырылды.
Шара барысында кітапхана қызметкері теңге тарихынан, яғни, халқымыз теңгені бұрын да пайдаланғанын, теңге атауы орта ғасырлардан бастау алатындығын, VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелердің айналымда жүргізгендігі турасында, XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болғандығы жайында мол мағлұматтар берді. Шараға қатысушыларға 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шығып, ең алғаш теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шыққандығы туралы ақпараттар ұсынылды. Қатысушыларға «Кім жүйрік» викториналық ойыны ойнатылып, студенттер жалпы әлемдік валюталар туралы білімдерін толықтырды. Бүгінгі күні Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Банкнот – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылатыны жайлы ақпар студенттер үшін қызықты мәлметтер болды.