«Қазақтың қазынасы, Ибраһим!»: Н.Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасымен онлайн-кездесу
28 қаңтар күні Абай атындағы кітапханада «Қазақтың қазынасы, Ибраһим!» атты Н.Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасының әріптестері және оқырмандармен шекараны кеңейту және ұлы Абайдың баға жетпес мұраларын насихаттау мақсатында онлайн-кездесу өтті.
Онлайн-кездесуге қатысушылардың назарына Абай атындағы кітапхананың сирек қорынан Абай оқыған кітаптар, Абайдың 1936, 1939 жылдары латын графикасында шығарылған кітаптар, Абайдың орыс және шетел ақындарының қазақ тіліне аудармалары ұсынылды.
Сонымен қатар Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапхана жанындағы жас қаламгерлерге арналған «Толқын» шығармашылық студиясының мүшелері арнау өлеңдерімен «Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзінен» қойылым ұсынып, «Тұмар» өнерлі жастар үйірмесінің мүшелері Желсіз түнде жарық ай» әнін тарту етті.
Онлайн-кездесуге ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы, «Алаш» және Мұхамед-Хайдар Дулати атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, «Алтын қалам» әдеби байқауының жеңімпазы, ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы мен Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб-имамы Бақытжан қажы Икрамұлы арнайы қатысты. Қостанай кітапханасының қонақтары Абайдың философиялық дүниетанымымен, ХХІ ғасырдағы рухани дамуындағы оның шығармашылығының рөліне тоқталып өтті.
Абай атындағы кітапхананың қонақтары №22 мектеп-лицейінің оқушылары, “Абай әлеміне саяхат” клубының мүшелері болды. Олар Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдерін үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша жатқа оқып барша қауымды тамсандарды. Тағы бір ерекше қонақ Тельман Қажыбайұлы Абайдың С. Пушкин мен И. А. Крыловтың аудармаларын талдап әдемі әңгіме алаңын өрбітті.
Кездесу соңын Абай атындағы кітапхананың қызыметкерлері дайындаған, Абай оқыған кітаптар туралы бейнероликпен, оның қоғамдық қызметі туралы слайд көрсетілімімен тәмәмдады.