Әлем таныған Абай: жылжымалы кітап көрмесі
2020 жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызында Абай атындағы кітапхана қызметкерлері № 5511 әскери бөлімнің әскери жауынгерлері мен қызметкерлеріне ақын, философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Әлем таныған Абай» тақырыбында жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме 5 бөлімнен тұрады: «Абай кітапханада», «Абай бейнелеу өнерінде», «Абай және музыка», «Тас мүсіндегі Абай», «Абай әлемі» кітаптар топтамасы.
Тыңдаушыларға кітапхананың тарихы жайында, Абай кітапхананың тұрақты оқырманы болғаны жөнінде және жер аударылған революциялық демократтармен таныстығы туралы мол ақпарат берілді.
Абайдың бейнелеу және музыкалық өнердегі бейнесін Қазақстанның көптеген атақты суретшілері: Ә. Қастеев, А.П. Аткнин, Е. Сидоркин т.б. қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен танысты.
Кітапхана қызметкерлері ақын өмірбаяны, шығармашылығымен, ақынның қоғамдық қызметімен қатар, «Абай әлемі» сериясы бойынша 2018 және 2019 жылы жарық көрген кітаптар топтамасымен таныстырды. Серияның мақтанышы – жүз жыл бұрын жарияланған Батыс Сібір Орыс Императорлық Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі мүшелерінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы бірегей зерттеулер жинағына қаламыздың өлкетану тарихында өз ізін қалдырған көптеген танымал зерттеушілердің еңбектері енді. Кітап көрмесіне екі жүзден артық жауынгерлер және қызметкерлер қатысты.