«Артық білім кітапта» және «Абай әлемі» атты кітап көрмесі: көшпелі экспозициялық көрмелер
19 ақпан күні «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» КММ Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Артық білім кітапта» және «Абай әлемі» атты көшпелі экспозициялық кітап көрмесімен, «Абай тұлғасы сирек басылым» қорын ұсынды.
Облыс жұртшылығын ХІХ – ХХ ғғ. басындағы Шығыс өңірі туралы бірегей басылымдармен, ХХ ғ. басындағы Дала өлкесін зерттеушілердің еңбектерімен, Абай оқыған кітаптар және ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Абай әлемі» кітап топтамаларымен таныстырды.
«Артық білім кітапта» көрмесінде іс-шараға қатысушылар Қазақстан даласында өз мерзімін өтеген саяси жер аударылғандардың жұмыстарымен, Батыс-Сібір Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімшесінің және Семей облыстық статистикалық комитетінің басылымдарымен, сондай-ақ Батыс ойшылдары мен философтарының еңбектерімен, орыс және еуропалық классиктері Л. Толстой, В. Жуковский, А. Пушкин, И. Крылов, М. Лермонтов, У. Шекспир, Ф. Шиллердің, И. Гете, Дж.Байрон, Г.Андерсен және басқа да Абай Құнанбаев оқыған және таным сатысына айналған авторлардың шығармалары көрсетілді. Сонымен қатар “Абай әлемі” – топтамасының 2018-2019 жылғы басылымындағы Шығыс Қазақстандық авторлардың Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Анатолий Иванов, Борис Щербаков шығармалары, Әміре Қашаубайұлы туралы естеліктер жинағы және Ф.М. Достоевскийдің «Семипалатинский период о жизни», сондай-ақ «ХІХ-ХХ ғғ. Өлкетанушылар Шығыс Қазақстан туралы» жинағы, Станислав Черных «Неутомимый краевед Рудного края» жинағы, Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне өз үлесін қосқан көрнекті тұлғалар туралы, ақындар Нұрлыбек Баймұратов пен Қалихан Алтынбаевтың шығармалары және жас талантты ақын-жазушылардың жырлары енген жинақтары таныстырылды. Көрмені барша обылыс жұртшылығы мен қала қонақтары тамашалады.