Психологиялық кеңес: тікелей эфир
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы 22 сәуір күні психолог, трансформациялық ойындарды ұйымдастырушы, психологиялық ғылымдардың кандитаты Жолдыбаева Гүлмира Саматқызымен тікелей эфир өткізді.
Гульмира Саматқызы қазіргі карантин жағдайында адамдардың стресске түспей, қалыпты жағдайларын сақтап, әркім оз өмірін жауапкершілікке алып, қазіргі бос уақыттарын өздерін тұлға ретінде жетілдіруге пайдалану бағытында кеңестер береді. Сонымен қатар, ізденіс үстіндегі тұлғаның жайлы аймақтан (зона комфорта) шығып, басқа адамның, өмір сүріп жүрген ортасының пікіріне тәуелді болмай, ең бірінші өз жүрегін тыңдап, мен нені қалаймын, маған не ұнайды деген сұрақтарға жауап алып, өз ішіне үңілуіне кеңес берді.
Психолог маман қатысушылардың тарапынан қойылған ерлі – зайыптылардың арасындағы кикілжің, ене мен келіннің ортасындағы түсініспеушілік, ойлаған армандарға қалай жетуге болады, өмірде өз орыныңды қалай табуға болады деген сұрақтарына толыққанды жауап беріп, тыңдаушылар алған кеңестеріне ризашылықтарын білдіріп, осы тақырыптарға шаралардың жиі өткізілуін өтінді.