«Атандым өз тұсымда ақын Төлеу»: тікелей эфир
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Абай дәстүрін жалғастырушы, халық ақыны Төлеу Көбдіковке арналған тікелей эфир өткізді. Онлай-сұхбатқа ақынның немересі Семейдің тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі, ақынның немересі Садықова Шынар Мұратқызы қатысты.
Сұхбат барысында ақынның ақындық тұлғасын тану үшін ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, ақынға ақындық дарын нағашы жұртынан дарығандығы, ақынның шығармашылық кезеңі қай уақыттардан басталатыны, Абайды ұстаз тұтып, Абай дәстүрінің мұрагері болғандығы жайында әңгіме қозғалды.
Ақынның көзі тірісінде 2 өлеңдер жинағының жарыққа шыққандығы, 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» кітаптар сериясымен «Атандым өз тұсымда ақын Төлеу» деп аталатын кітабының жарыққа шыққандығы айтылды. Ақынның туған жер, туған елге арналған өлеңдерінен үзінді оқылып, оқырмандар тарапынан келіп түскен бүгінгі күні ақын Төлеу Көбдіковтің әдеби мұрасының зерттелуі қай деңгейде?, ақынның айтыс өнері, кімдермен айтысқа түскендігі жайындағы сұрақтарға жауап берілді.
Сұхбат соңында Халық ақыны ақынның немересі атасының Шар қаласындағы бір көше, орта мектеп ақын атымен аталатыны, 62-ші мектепте ақынға арналған мұражайдың бар екені, ақынның зираты жаңартылып, мемлекеттік қорғауға алынғандығын сөзге тиек етті.