Сүргін жылдардың мәңгілік азабы: тікелей эфир
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы 30 мамыр күні белгілі жас ғалым, балалар жазушысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, алаштанушы Елдос Тоқтарбаймен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазақ халқының басынан өткен азапты да ауыр жылдар суреттелді. Ашып айтатын болсақ 1930 жылдардан бастап бүкіл қазақ халқының басына түскен нәубет үлкен аштық жайлы сипаттала келіп, сол жылдардың аяғына қарай еліміздің оқыған білімді азаматтарын «Алаш» партиясының көсемдерін жаппай қудалау, оларды түрмеге қамау, жартысының ату жазасына кесілгені жайлы сөз болды.
Елдос мырза әр жылдарға жеке-жеке тоқталып, сол жылдарда болған оқиғаларды «Алаш» партиясының көсемдерінің және осы құрамда болған қазақ зиялыларының қайсысы қандай жағдайда қаза болғанын ашып айтып, мұрағат материалдарымен толықтырып отырды. Және де осы нәубетті жылдарға дейінгі қазақ санымен сол он жылдықтың ішіндегі қазақтың сексен пайызыға (80%) кеміп кеткендігінде сөз қыла келе, бұны қазақ халқына жасалған қастандық, қызылтерор, геноцид деп пайымдама жасады.
Сөз аяғында Елдос Тоқтарбай Алаш көсемідерінің сөзін тілге тиек ете отырып, бүкіл Алаш жұртына, қазақ халқына жақсылық тілеп, кітапхана қызметкерлеріне зор алғысын білдірді.