Абайды оқы, бай бол: тікелей эфир
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 18 маусым күні п.ғ.д., профессор Халитова Исламия Рамазанқызымен «Абайды оқы, бай бол» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
Сұхбат барысында Исламия Рамазанқызы Абайдың байлық туралы ұғымы жайында сөз қозғады. Ғалым Абайдың байлық, дәулет, пайда, мал деген ұғымдарына жеке-жеке тоқталып, бүл мәселеленің бүгінгі күні де өзектілігіне тоқталды.
Абай өзінің 25-ші қара сөзінде адамдарға мал табу қажеттігін. еңбек ету қажеттігін, малдың аздығы мен ақша мен ішіп-жемнің, мал мен дүниенің жоқтығы адам баласының бойындағы барлық жаман қасиеттердің оянуына септігін тигізетіндігін баса көрсетеді. Мал тап. Малыңды балаңның өнер, ғылым үйренуіне жұмса дейді. …Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма!
Исламия Рамазанқызы Абай ұғымындағы дәулет мәселесі, пайда мәселесі, бүгінгі күні валюта ретінде жүріп жатқандығын түсіндіріп өтті. Абайды оқу арқылы бүгінгі күні экономикалық тәуелсіздікке жету, капитал көбейтуге болатыны жайында да әңгіме қозғады.