Соғыстың салған зардаптары мен жан жарасы: тікелей эфир
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері 22 маусым күні @semeybib инстаграм парақшасында «Соғыстың салған зардаптары мен жан жарасы» атты тақырыпта тікелей эфир өткізді. Тікелей эфирге тарих ғылымдарының кандидаты, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің профессоры Каримов Мұхтарбек Қарпықұлы қатысты.
Сұхбат барысында Мұхтарбек Қарпықұлы Ұлы Отан соғысының басталуы, тарихта қалай бағаланып жатқаны, ҰОС тақырыбында жазылған көркем шығармалар кейіпкерлері тарихта болған адамдар ма деген сұрақтар төңірегінде ой қозғады. ҰОС –на қатысқан қазақстандықтардың ерлігі, Б. Момышұлы жайындағы қызықты деректер, соғысқа қатысқан семейліктердің үлесі қанша, соғысқа байланысты адамдар тағдырының өзгеруі, талай қилы тағдырлардың болғаны жайында баяндады.
Сұхбат соңында соғыстың елімізге келтірген зияны мен қасіреті жайында айтылып, ел іргесінің амандығын тілеумен аяқталды.