Құнанбай қажы: тікелей эфир
Шілде айының 16-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы өлкетанушы, Республикаға еңбек сіңген үздік қызметкер, Абай аудандық «Абай елі» газетінің бас редакторы Әсет Медеуханұлы Мырзақасыммен Фейсбук желісі арқылы тікелей эфир өткізді. Эфир «Құнанбай қажы» жайында әңгіме өрбітті.
Желідегі байланыс Құнанбай қажының өмір тарихын баяндаумен басталды. Құнанбай қажы шөбересі Ахаттың айтуынша 1804 жылы Шыңғыстау тауының бауырында, Би биігі деген жерде өмірге келген. Заманға сай палуан, найзагер, жан-жақты айқастарға, жаугершілікке қатысып, шыңдалып өскен адам болған екен. Әкесі Өскенбай би 1826 жылы Тобықты елі Қарқаралы округына қараған шақта алғаш страшын болып, осы шақтан бастап бүкіл Ырғызбай әулеті билікке келген дәуірдің басы басталғаны жайлы баян етілді.
Ендігі кезекте Әсет Медеуханұлы ағамыз Құнанбай қажы жайлы зертеулермен, еңбектерге тоқталып, атап айтқанды жөн көрді. Құнанбай қажы туралы сөз етсек, әуелі істің басында М.Әуезов тұратыны, ол кісінің «Абайдың туысы және өмірі» атты үлкен монаграфиялық еңбектің алғашқы беттері осы Құнанбай қажыға арналғанын зор ықыласпен атап айтты. Сондай-ақ тағыда басқа Құнанбай қажының бейнесін айқындап ашатын дүниелерді іздесеңіздер тарихшы, Қасымбек Жанұзақов, ғалым Ерлан Сыдықовтың еңбектерін ескергендеріңіз жөн дейді. Сонымен қатар Д.Жолжақсыновтың туындысы «Құнанбай» фильмінде тілге тиек етіп, олда бір көркем шығарма деп санап, оң көзқараста екенін таныта кетті.
Сөз соңында Әсет Медеуханұлы ағамыз барша Абай кітапханасының оқырмандарына өз алғысын білдіріп, жиі-жиі жолығып тұруға уәделісіп, қоштасты!