Бөріде не арман бар: тікелей эфир
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының Facebook желісінде ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мұнайдар Балмолдамен «Бөріде не арман бар» атты онлайн жүздесу өткізді.
Желідегі әңгімесін өзін шығыстық оқырманға таныстырып бастаған қонағымыз «Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесімін, ақын – Мұнайдар деген ақын болам, бірақ ақынмын деп айта алмаймыз, кімнің ақын екенін ел айтады» деп ақындығынан адамдығы мен қарапайымдылығы басым азамат екенін танытты.
Өзінің рухты өлеңдерімен біздің Абай кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлерінің жүрегін жаулап, олардың қойған сұрақтарына қарапайымдылықпен үн қосып отырды.
Ақынның ішкі қуаты және адамның ақыл күші жайлы толғандыратын сұрақтарға бір кісідей жауап беріп, қатысушы қауымға мотивациялық кеңесінде келелі сөзімен орайластырып отырды.
Эфир соңында барлық қатысушылардың қошеметімен құрметіне бөленген ақынның көңілі көк теңіздей шақылқып, зор алғысын білдіріп жатты. Оқырман қауым ақын өнері мен өлеңіне, шынайы сұхбатына ризашылық білдіріп, қоштасты.