Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 25

Абайдың ақындық дәстүрі және Нұрлыбек Баймұратовтың шығармашылығы: тікелей эфир

24 қыркүйек күні Абай кітапханасының инстаграм желісіндегі парақшасында ф.ғ.к., Астана университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Әсемгүл Әбділманатқызымен «Абайдың ақындық дәстүрі және Нұрлыбек Баймұратовтың шығармашылығы» тақырыбында тікелей эфир өтті.

Тікелей эфир барысында Абайдың ақындық дәстүрін жалғаушы шәкірттері, олардың шығармашылығы жайлы аз-кем сөз қозғалып, шәкірттерінің кейбіріне толығырақ тоқталып өтті. Сонымен қатар белгілі ақын Нұрлыбек Баймұратовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы да ауқымды ақпарат берді. Атап айтқанда ақынның халық арасына кең тараған қаһармандық рухтағы өлеңдері, Төлеген Тоқтаровқа арнаған «Ер Төлеген», азамат соғысы тақырыбына бағытталған «Қанды жорық»  дастандарының тарихы жайлы әңгімелеп, Иса Байзақовпен болған айтысынан үзінді келтіріп өтті. Сондай-ақ ақынның аталмыш шығармалары үшін қуғындалып, абақтыға қамалған сәтінде тарихшы Ермұхан Бекмахановпен болған таныстығы жайлы да әңгімелеп берді.

Тың деректер мен өнегеге толы өткен отырыс оқырмандардың жүрекжарды алғыс айтуымен аяқталды.