Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қыр 29

Танымал жетістіктер шежіресі: кітаптар тұсаукесері

29 қыркүйекте ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы «Танымал жетістіктер шежіресі» кітабының тұсаукесеріне қатысты. Аталмыш тұсаукесерді «Хак» татарлар мен башқұрттардың Заңды Тұлғалар Бірлестігі Прииртыш Одағы  қауымдастығы» және «Татар өнер мектебі» ұйымдастырды. Ұсынылған үш томдық басылым Семей татарларының 1988 – 2019 жылдар аралығындағы тарихын қамтиды.

Тұсаукесерге қоғамдық және мәдени ұйымдардың қызметкерлері қатысып, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қоса, қаламыздағы мәдени-тарихи құндылықтарды сақтаудағы татар мәдени орталығының  рөлінің маңызды екендігі де аталып өтті.

Абай кітапханасының қызметкері  іс-шара қонақтарына кітапхана қорындағы  білім беруді қаржыландыруда татар саудагерлерінің рөлін атап көрсететін «Отчет Совета Общества Попечения о начальном образовании в г.Семипалатинске за 1893/1894 гг., сонымен қатар В.Купцованың «Замечательный татарин» кітабына шолу жасады.  Виктория Купцова – үш томдық басылымның авторларының бірі. Шара барысында Татар өнер мектебі мен Абай атындағы әмбебап кітапхананың Татар қоғамдық орталығы мен кітапхана арасындағы өзара  қарым-қатынастың және  жастарға жан-жақты бағытта білім берудегі рөлі де атап өтілді. Іс-шарада  Татар өнер мектебі тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды.