Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 01

Абайдың қара шаңырағы: тікелей эфир

Ағымдағы жылдың 1- ші қазанында Абай кітапханасының инстаграм желісінде Жидебайдағы Абай музей үйінің меңгерушісі Нұржан Байтөсұлымен Абайдың қара шаңырағы тақырынбында тікелей эфир ұйымдастырылды.
Кеш қонағы эфир барысында өзі қызмет етіп отырған, Абайдың Жидебай бөрілі музейінің тыныс тіршілігімен, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ киелі өңірдің қазақ руханиятына айтарлықтай үлесі зор екенін тілгі тиек етіп, музейдегі құнды экспонаттар туралы қызықты әңгімелеп берді.
Кеш соңында эфир қонағы барша ағайынды жұртты Абайдың Жидебайдағы бөрілі қорық музейіне шақырып, кешкі эфирдегі шараға ұйытқы болып отырған кітапхана ұжымына алғысын білдірді.