Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 20

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл: тікелей эфир

2020 жылдың 15-ші қазанда ШҚО Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Facebook  әлеуметтік желісінде  әр аптаның бейсенбі күндері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай әлемі» жобасы бойынша кезекті тікелей эфирі өткізілді. Кеш қонағы Республикалық «Абай» қоғамдық қорының президенті Отантай  Кәрібжанов болды.

Аталмыш жобаның мақсаты, ұлы ақынның біз білмей жүрген рухани құндылықтарын, жұртшылыққа паш ету, Абай арқылы, қазақ руханият дүниесінің деңгейін тану. Эфир барысында Отантай Кәрібжанұлы ақынға байланысты, тамаша тағылымды, мағлұматтарды тарту етті. Сондай-ақ бабамыздың 175 жылдық мерей тойы аясында Ақынға қатысты мәдени нысандардың барлығы дерлік күрделі жөндеуден өткізіліп, соның ішінде музей, кітапхана, жидебайдағы өзі тұрған үйдің жұмыстары, өз уақытында игеріліп, ел игілігіне бергеілгені жайлы тілге тиек етті.

Желідегі жүздесу соңында, көрермен тарапынан қойылған  сауалдарға жауап беріп, эфир тізгінін ақ жарма тілегімен аяқтады.