Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 22

Жастықтың оты жалындап: тікелей эфир

2020 жылдың 21 қазанда ШҚО Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Instagram әлеуметтік желісінде  әр аптаның  cәрсенбі күндері «Жастықтың оты жалындап» жобасы  аясында  кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды.  Кеш қонағы, халықаралық поэзия фестивалінің лауреаты, Өскемен қаласындағы шабыт ақындар клубының жетекшісі, облыстық «Дидар» газетінің тілшісі «Абай әлемі» сериясы бойынша өлеңдері жарық көрген, Алтайдың аяулы ақыны журналист Қызырбек Дүргінбай болды.

Сұқбат барысында өзінің шығармашылығына кеңінен тоқталған жас ақын, ауылына деген сағынышын баса алмайтынын, өлеңдерінің басым бөлігін туған жерге, туған елге арнағанын тілге тиек етті. Алтайдың бұла табиғатын көріп өскен ақынның бойында кешегі көшпендінің көсегесін іздейтін, байсалды мінезінде таныдық. Жеке қасиеттерінде де тоқталған Қызырбек, шығармашылықтың шыңырауына жете алмауына ұйқыны жақсы көретіндігім деп, ағынан жарылды.

Кеш соңында желідегі жүздесуімізді тамашалаған көрермен ақ тілектерін жаудырып жатты. Осы ретте киелі қара шаңырақ Абай атындағы кітапхана ұжымына өзінің лебізін білдірд.