Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қаз 22

Адамзаттың бәрін сүй: тікелей эфир

2020 жылдың 22 – ші қазанында Абай атындағы кітапханың  Instagram әлеуметтік желісінде  әр аптаның бейсенбі күндері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, «Абай әлемі» жобасы бойынша кезекті тікелей эфирі өткізілді. Кеш қонағы Абайдың «жидебай-бөрілі» мемлкеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының ғылыми қызметкері Азамат Қажыбай болды.
Сұқбат барысында кеш қонағы, өзі қызмет етіп жүрген Абай музейінің Ұлы ақынның 175 жылдық мерей тойы аясында, жаңа заман талабына сай кейіпке еніп, көп дүниенің өзгеріп, цифрлық  жүйемен қатар, электронды аудио дыбыстарының қалай іске асырылуы  жайлы кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ Абай айтқан асыл аманатты қазіргі қоғам, арқалай алып жүрме деген сауалдарға, өзінің пайым парасатын ортаға салып, ұтымды ойларын танытты. Эфир соңында, алдағы музейдің жұмыс жоспарымен бөлісіп, өзінің поэзиясымен бөлісіп, бірнеше өлеңдерін тарту етті.