Аудармалар: тікелей эфир
11 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Instagram әлеуметтік парақшасында кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Эфир қонағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы, шетел филологиясының магистрі, аудармашы Измайлов Станислав Валерьевич болды. Ол аударма саласында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.
Тікелей эфир барысында Станислав Валерьвич жалпы аударманың қазіргі кездегі рөлі туралы, аударма әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы екенін атап айтты. Ол жазбаша және ауызша аударманың ерекшеліктерін көрсете отырып, аталған аударма түрлерін орындау арнайы дағдыларды қажет ететіндігі ескерді. Станислав Измайловтың айтуы бойынша кәсіби мамандарды ауызша және жазбаша аудармаға дайындайтын арнайы техникалар мен жаттығулар бар.
Эфир қонағы болашақ аудармашыларды даярлау барысында таңдалған салада сөздік қорын жинақтау, өзінің тақырыптық сөздігін құру, аудармаға қажетті әр түрлі электрондық ресурстарды қолдану, шет тілінде мәтіндерді тыңдау сияқты мәселелерге ерекше назар аударды. Станислав Валерьевич шет тіліндегі сөздерді есте сақтауда өзінің әдістері мен мәтіндерді аударудың өзіндік алгоритмімен бөлісті.
Сонымен қатар қонағымыз аударма мектебінің ең көрнекті өкілдері Т.А.Казакова, В.Сарсекенов, Л.Савостьянова және басқалар туралы әңгімелеп берді.
Онлайн кездесу соңында Измайлов С. В. жас аудармашыларға және шет тілдерін үйренуге қызығушылықтары бар оқырмандарымызға арналған құнды кеңестерімен бөлісті.