Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 13

Абайдың дәстүрі – Шәкір Әбенов: тікелей эфир (Шәкәрім университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының деканы, ф.ғ.к., профессор Қадыров Айбар Қабыкенұлы)

2020 жылдың 12-ші қарашанда ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында әр бейсенбі күндері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, «Абай әлемі» жобасы бойынша кезекті тікелей эфирі өткізілді. Бұл жолғы эфирдің қонағы Шәкәрім университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының деканы, ф.ғ.к., профессор Қадыров Айбар Қабыкенұлы болды.

Эфир барысында Абайдың ақындық мектебі, оның ішінде шәкір Әбеновтің шығармашылығы жайлы сөз қозғалып, шығармаларындағы адамгершілік идеясы жайлы қызықты сұхбат құрылды. Шәкір Әбеновтің соғыс жылдарындағы шығармашылығынан үзінді келтіріп, кей шығармаларына кеңінен тоқталған кеш қонағы көрермен қауымға мол ақпарат берді деген ойдамыз.

Сынаптай сырғып өткен уақыт өз мәресіне жеткеніне қарамастан кеш қонағы көрермендермен қимай қоштасып, аталмыш тақырыптың бір сағатта таусыла салатын дүние емес екенін айтып, алдағы уақытта айтылмай қалған өзге де деректер жайлы әңгімелеп беретіндігін айтты.