Тарихтан сыр шертетін шежіре: тікелей эфир
16 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында кезекті тікелей эфир ұйымдастырылып, қазақ тарихында «жабулы қазан» күйінде қалып келген салалардың бірі – шежіре тарқатуға арналды. Эфир қонағы белгілі этнограф ғалым, өлкетанушы Молдабек Жанболатов болды.
Эфир барысында шежіре тарқатудың түп-тамыры, шығу тегі және мән-мағынасына толық ашып берген қонағымыз, шежіренің қазақ халқын бір тұтас қылар дүние ретінде қарастыру керектігін алға тартты. Алғаш рет хатқа түскен қазақ шежіресі тарихына тоқталып, тарихпен байланысын да алға тартты.
Қарт шежіреші, қазіргі уақытта қазақтың сал-дәстүрлерінің бұрмаланып, кейбірі тіпті байырғы ұлттық ерекшелігін сақтамай, ұмытылып бара жатқандығын тілге тиек етті.
Эфир соңында өскелең ұрпаққа өз батасын беріп, «Жеті атаны» білуді әр қазақтың міндеті екендігін айтып өтті.