Біздің үйдің түтіні будақтайды Алтайдан: тікелей эфир
2020 жылдың 18 қарашасында ШҚО Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының intagram әлеуметтік желісінде, әр аптаның сәрсенбі күндері «Жастықтың оты жалындап» жобасы аясында кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Кеш қонағы Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері, жас ақын Алтынғадыс Күнтуғанұлы болды.
Эфирдің бір ерекшелігі, Алтайдың ар жағында туып өскен жас талант иесі, бізге тікелей сұқбатты, Моңғолия мемлекетінің астанасы Ұлан-батыр қаласынан берді. Бойында көшпендінің көсегесін іздеген, шындық жолында аянып қалмаған Алтынғадыс ақын болам деп армандамаған, әдебиет сабағынан шығармалар жазып, жас ақындар үйірмесіне барып, әдеби орта әсер етіп өлең жаза бастағанын айтты. Алтынғадыс Күнтуғанұлы, жастардың ойсыз, қамсыз жүретіндігі көкейіндегі мазалап жүрген мәселелердің бірі екенін ортаға салып, ұлт, дәстүр, қазақ дегенде жан аяп қалмайтын ақын, елге деген өлеңдерін көрермен көңіліне үсынды. Елдің ертеңіне байланысты, ұлттың бүгінгі ахуалы, әдебиет төңірегіндегі рухани әңгімеден кейін, кеш қонағы біздің ұжымға деген ізгі ниетін білідірді. Алдағы уақыта да ара жібіміз ажырамай, шығармашылық достық ара қатынасымызды үзбей, қазақ руханияты үшін барымызды салуды үсынып, эфирді аяқтадық.