Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 20

Абай шығармаларының оқытылуы: тікелей эфир

9 қараша күні кітапхананың  Facebook әлеуметтік желісінде әр аптаның бейсенбісінде, «Абай әлемі»  жобасы аясында кезекті тікелей эфир ұйымдастырылды. Кеш қонағы Шәкәрім университеті гуманитарлық ғылымдар ғылыми кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к Ақтанов Айман Советқызы болды.

Сөздің басын өзінің алғысымен бастаған эфир қонағы, биылғы Абай мерей тойының қарсаңында, бабамыздың шығармалары тағы бір биікке көтерілгенін тілге тиек етті. Айман Советқызы Ел президенті Тоқаев мырзаның, «Абай және 21-ші ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылған, нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін өлеңдерімен қара сөздегі ойларының мән мағынасының айқын  ашылуы деген пікірді мысалға ала отыра ел ретінде, еңсемізді, мемлекет ретінде мұратқа жету жолында аянбай күресуге шақырды. «Алғашқы абайтану мәселесін қарасақ, бірден алаш өкілдері ойға оралады. 1905 жылы Әлихан Бөкейхановтың Абай (Ибрахим) қазақтың темірқазығы – деп жарияға жар салған мақаласы, Абайды танудағы алғашқы қадамдар»с- дейді, Айман Советқызы. «Қазақ тілі граматикасының атасы Ахмет Байтұрсынұлыда, Абай – қазақтың бас ақыны деген бағасы, әлі күнге айтылып жүргені білеміз. Міржақып Дулатовтың Қазақ газетінде жарық көрген Абай мақаласы да біраз дүниеге түрткі болады. Ендеше бұлардың барлығы қазақ әдебиетіндегі  Абайтану ғылымының негізі қаланып келгеннің айқын қөрінісі» екенін де айтып өтті  эфир қонағы. Мұхтар Әуезовта біраз ғұмырын абайтануға арнады десек, Қайым атаныңда еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Осы сияқты өзге зиялы тұлғаларды тәуелсіздік дәуіріне дейін тізіп берген Айман Советқызы, абай шығармалырының түп төркіні, адамзаттың мәселесіне мән беру деген ойға келді. Ақын шығармаларының оқытылу методикасын, өз тәсілінде пайдаланып, студент шәкірттеріне бүкпесіз білім беріп жүрген кеш қонағы, Абай даналығы, бүгінгінің рухани азығы – деп ойын түйіндеді.