Біздің байланыс телефонымыз: 8 (7222) 52 04 94 · semeybib@yandex.kz
Жаңалықтар
Қар 20

2021 жылы Шығыс өңірі бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер: ақпараттық сағат

20 қараша күні Абай атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен,  «2021 жылы Шығыс өңірі бойынша  аталып өтілетін және еске алынатын күндер» атты ақпарат сағаты өткізілді. Аталмыш шара аудандық, ауылдық  кітапхана мамандарына әдістемелік ұсыныс ретінде, Zoom платформасында өткізілді.

Келесі 2021 жыл – Шығыс  Қазақстан облысы Семей өңірі  бойынша аталып өтетін елеулі даталарға толы болып отыр. Атап айтсақ: Ә.Бөкейхан, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Күдерин, М.Тұрғанбаев сынды алаш қайраткелерінің мерейтойлары, сонымен бірге жазушы М.Сәрсеке, ғалым, жазушы Т.Жұртбай, абайтанушы Қ.Мұхамедханов, таңымал күйші С.Тұрысбеков, әнші М.Ешекеев, сазгер Б.Жамақаев т.б. мерейгер тұлғалар туралы кең көлемде ақпарат беріліп, кітапханашылардың көпшілік жұмыстарды жоспарлап,  өткізу үшін  әдістемелік кеңес берілді.

Шараға Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Үржар, Абай, Тарбағатай,  Бородулиха т.б. аудандардың және Курчатов қаласының кітапханашы мамандары қатысты.