Шығыс Қазақстанның киелі орындары: тікелей эфир
1 ақпан 2021 жылы Абай атындағы кітапхананың «Instagram» әлеуметтік желісінде «Пальма тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ішкі туризм менеджері Тойгамбаева Гүлданамен «Шығыс Қазақстанның киелі орындары» тақырыбында тікелей эфир өтті. Маман «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел көлемінде «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы жүзеге асырылып, өңірімізде «Шығыс Қазақстанның киелі орындар картасы» әзірленгенні туралы айтып өтті.
Қонағымыз Күшікбай батырдың ескеркішінен бастау алып, Еңлік – Кебек мазары, Ұлы Абайдың мекен еткен қыстауы Жидебайдағы мұражай-үйі, Қоңыр әулие үңгірі тағы басқа киелі орындар жайында қызықты да, тартымды ақпарат берді. Сонымен қатар, Қазақстан туризмінің жаңа қырларына, бағыттарына тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстары мен тек Қазақстан аумағында емес, басқа да мемлекеттерге жасаған қызықты туристік сапарлары турасында сөз тарқатты.