Алаш және Алаш қайраткерлер: бейнедәріс
2021 жылдың 17 ақпан күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының Fecebok парақшасында әр сәрсенбі күні «Алаш» жобасы аясында өткізілетін тікелей эфирін Әлихантанушы, ғалым – Жүсіп Сұлтанхан Аққұлымен «і» тақырыбында тікелей эфирде бейнедәріс өтті.
Аталмыш шарада Ұлттық тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар Алаш Орда үкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы тойланатындығын атап өтті.
Қазақ мемлекетінің іргетасын көтерген алаш қайраткерлерінің еңбегін айта келе, қазақ мемлекеті үшін «Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екендігіне тоқталды. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар дей келе, 1905-1917 жылдар аралығында тұңғыш жазба әдебиетін қалыптастырғандығын тілге тиек етті. Оқырмандар тарабынан Әлихан Бөкейханов туралы деректердің қандай архивтерден табылғандығы жайлы сұрақтарына ұтымды жауап берді. Қоғам қайраткерінің Қаралыда оқығандығы туралы, Омбы обылыстық және Самара қаласының мұрағаттарынан табылған жаңа құжаттар Әлихан Бөкейхан өмірінің беймәлім тұстары туралы көп мағлұматтар беріп және бұрыннан белгілі тарихи деректерді толықтырғанды айтылды. Алаш қайраткерлері жайында ауқымды шараларды ұйымдастыру жөнінде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқандығы және көркем фильм түсерілетіндігін атап өтті. Бүгінгі күнде де, Алаш қайраткерлерінің идеясын көтеріп, оны насихаттау мәселесін жалғастыру керек,- деп өз дәрісін аяқтады.