Достоевский және православие: дөңгелек үстел
30 наурызда Абай атындағы кітапхана «Православное краеведение на земле Сибирской» атты халықаралық қатысушылармен Кемерово қаласында өткен X жылсайынғы аймақаралық тарихи-өлкетану оқулары конференциясына қатысты.
Шараға қатысушылар доценттер, филология ғылымының кандидаттары, аспиранттар, архивистер, кітапхана мамандары болды.
Абай атындағы кітапхананы қызметкері Марина Ивановна әйгілі қаламгердің 200 жылдығына арналған «Достоевский и православие» дөңгелек үстелінде «Роль Семипалатинска в жизни Ф.М. Достоевского» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Ф.М.Достоевский өмірін гүлдендірген Семей қаласына басты назар аударылды, себебі осы жерде ол махаббатын тапты, Ш.Уәлиханов және А.Врангельмен өмірлік достық қатынастар орнатты, оның рухани және әлеуметтік-саяси көзқарасы өзгеріске түсіп, Семей қаласында ол қолына қаламын алып, жазушылыққа қайта бет бұрған.
Дөңгелек үстелге Ф.М.Достоевский шығармашылығын зерттеуге, оның рухани және өмірлік ізденістерін талдауға арналған 10 баяндама ұсынылған.