Ордалы елге – 30 жыл: Халықаралық бейнеконференция
2021 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасымен Чех Республикасындағы Қазақстан елшілігімен бірлесіп, ҚР Туелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Ордалы елге – 30 жыл» атты Халықаралық бейнеконференцияға қатысты. Аталмыш шараға Чех Республикасының ғалымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстан тарабынан іс-шараға Ұлттық академиялық кітапхананың директоры У.Д. Мұңалбаева, Мемлекет және құқық институтының әлеуметтік-экономикалық даму тарихы департаментінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. М. Ауанасова; М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы С. В. Ананьева; “Радима “Беларусь орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д. В. Останькович; “Хазар” әзірбайжан қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ә.Сайлаубекқызы; Солтүстік Қазақстан әмбебап кітапханасының директоры Б.М. Әбілмәжінова; Шығыс Қазақстан әмбебап кітапханасының библиографы О. Д. Кайсина қатысты.
Қазақстан Тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен «Алаш» қайраткерлері еді. Сондықтан да Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы осы шара қонақтарын «Алаш» электрондық кітапханасымен таныстырып өтіп, осы электрондық кітапханадағы Алаш қайраткерлерінің бүкіл республикамыздың кітапханалары мен архив, мұражайларының қорынан алынған құнды құжаттары мен 2000 астам цифрлық нұсқадағы кітаптар мен мерзімді басылым бетіндегі мақалаларды іздеу жолдарын көрсетті.
Кездесу соңында конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, елімізге табыс тіледі.