Ұлт зиялысы Асылбек Сейітов мұралары сирек қорда: тікелей эфир
28 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында «Ұлт зиялысы Асылбек Сейітов мұралары сирек қорда» атты тақырыпта zoom желісінді бейнедәріс өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының сирек басылымдарының алтын қорындағы ерекше құнды жәдігерлер XX ғасыр қаламгерлерінің, ұлт зиялыларының көзі тірісінде баспа көрген шығармалары туралы, кеңестік жүйенің 1937-38 жылдарда жүргізген репрессия салдарынан айрылған боздақтарымыздың қатарында Алаш қозғалысының белсенді мүшесі, жоғары білімді дәрігер, қоғам қайраткері – Сейітов Асылбек Жұманұлы Өмірі, қызметі, шығармашылығы, отбасы жайлы толық ақпарат беріп, кітапханамыздың сирек қорында сақталған еңбектерімен таныстырды.
Сирек қорымыздағы облыстық газет «Социалды Шығыста» 1932 жылғы 9 декабрьдегі санында жарияланған Асылбек Сейітұлының «Шығыс Қазақстанның курортты жерлері» мақаласы ұсынылды.
Дәрісті сирек басылымдардағы ұлт зиялыларының құнды туындылары слайтпен толықтырды.