АҚШ-тағы университетінің оқытушысы Линае Хосек қонақта
2013 жылы 26 қазан күні Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде АҚШ –тағы Кансас университетінің оқытушысы Линае Хосек оқырман ретінде қонақта болды.
Өткізілген күн: 26.10.2013. Өткізілген орын: Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар: оқырмандар. Қатысушылар саны: 18. Мақсаты: еліміздің болашақ жастарына ағылшын тілін үйренуге, білімге деген құштарлығын қалыптастыру.
2013 жылы 26 қазан күні Шығыс Қазақтан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде АҚШ –тағы Кансас университетінің оқытушысы Линае Хосек оқырман ретінде қонақта болды. Линае Хосек Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып университетпен арнайы келісім шарт бойынша қазан айынан бастап , келесі жылдың мамыр айына дейін ағылшын тобы студенттеріне арнайы түрде дәріс береді.
Ол кітапхана тарихы, шетел әдебиет бөлімінің әдебиеттері, қызықты журналдары, Америка бұрышы туралы ақпараттармен танысты.
Линае Хосекке шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері құшақ жая қарсы алатындықтарын айта отырып, келешекте бірлесіп іс-шаралар атқаруға шақырды. Қала қонағы оқытушы Линае Хосек бұл ұсынысты өте құп алып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.
Алдағы уақытта Линае Хосекпен арнайы түрде кездесу ұйымдастыру, қонақтың өз қалауы бойынша қараша айының ортасына жоспарланды.