Отбасы үйі: қағаз ғажайыптары үйірмісі
14 мамыр күні балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері 15-мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай, «Қағаз ғажайыптары» үйірмесінің мүешері ата-аналармен бірлесе отырып «Отбасы үйі» тақырыбына түрлі-түсті қағаздан аппликация жасады.
Отбасы-әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды құрылым. Осындай іс-шаралардың арқасында балалар саусақтардың ұсақ моторикасын дамытады, қайшымен жұмыс істеуге үйретіп, көркемдік талғамын дамытады. Отбасылық үйірме сағаты жарқын және қызықты өтті.
Шара соңында балалар мен ата-аналар үшін отбасылық оқуға арналған тақырыптық кітап сөресі ұсынылып, балдырғандар ата-аналарының көмегімен үйге оқуға кітаптар таңдап алды.