Қазақ тіліне тәржімаланған әдебиеттер: ақпараттық сағат
2021 жылдың 14 мамыры күні Абай атындағы кітапхананың шетел әдебиеттер бөлімі қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қаламыздағы Ж.Аймауытов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9-11 сыныптарына арнап ZOOM платформасында « Қазақ тіліне тәржімаланған әдебиеттер» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында аталмыш акция аясында ұсынылған кітаптарға тоқталып, слайд арқылы жалпылама шолу жасалды. Қазақ тіліне тәржімаланған әдебиеттер – Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық», Эрих Мария Ремарктің «Аманат өмір», Агата Кристидің «Ғайып болған миллион»,Халид Хусейннің «Жарқыраған мың күн», Ж.К. Роулингтің «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»,Орхан Памуктің «Менің атым – Қырмызы» атты шығармалары желісінің кейіпкерлеріне тоқталып, әдеби талдау жасалды. Шарада сондай-ақ, бұл кітаптарды аударған отандас аудармашылар Б. Әдетов, Т. Меллат, Д.Мәзен, А.Құрметұлы шығармашылықтары жайында деректер берілді. Іс-шара соңында онлайн қатысушылар осы әдебиеттер жайында ой-пікірлерін ортаға салып, кітапханаға алғыстарын жеткізді.