Қазақ вальсі: тікелей эфир
16 маусымда Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ҚазКСР-нің халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор, өнер қайраткері Латиф Хамидидің 115 жылдығына орай Instagram желісінде тікелей эфирде сыр-сұхбат өтті.
Эфир қонағы Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің «Музыка теориясы» бөлімінің оқытушысы Жолымбетов Ринат Бияшұлы болды. Латиф Хамидидің өмірі және шығармашылығы жайлы жан-жақты жіліктеп жеткізді. Көрермен қауымға тың ақпараттар ұсынып, сазгердің мұрасын насихаттау жолын да қолға алу керек екенін баса айтты.
Мерейтой иесінің музыкалық мұрасы мәңгілік екені сөзсіз. Л. Хамиди хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде «Қазақ вальсі» және «Бұлбұл» композитордың атын танымал етті.