Павлодар өңірінің қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылары: бейнедәріс
2021 жылдың маусым айының 23-ші жұлдызында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының ZOOM платформасында әр сәрсенбі күні өткізілетін «Алаш» жобасы аясында «Павлодар өңірінің қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылары» тақырыбында бейнедәріс өтті. Бүгінгі дәріс оқушы Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейінің директорының орынбасары Абенова Магзия Қайырбековна болды.
Шара барысында осы Павлодар өнірінің тумалары, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жалпы ақпарат айтылып, оның ішіде Алаш қозғалысының белсенді қайраткері, ақын, жазушы, саяси-қуғын сүргіннің алғашқы құрбандарының бірі болған Жүсіпбек Аймауытовқа қатысты толықтай тоқталып, тың ақпараттар берілді. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдері, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары туралы қысқаша баяндап, 1926 жылы араб қарпімен Қызылорда қаласында басылып шыққан «Қартқожа» романына кенінен тоқталып өтті. Романның бас кейіпкері жазушының досы, қоғам қайраткері – Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев екендігінен мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ, жазушының сегіз қырлы бір сырлы азамат екендігінің дәлелі ретінде Торғай облысында ден алған ашаршылық кезіңде, аштыққа ұшыраған қандастарымызға көмек қолын созып, азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысқаны үшін жауапқа тартылған кезіңде Жүсіпбек Аймауытов өз-өзіне адвокат ретінде сөз сөйлеп, ақталып шыққандығы туралы ақпарат өте әсерлі болды.
Жүсіпбек Аймауытов өте шебер қолөнерші де болған екен. Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің қорында Аймауытовтың өз қолымен оюлап жасаған: ағаш сызғыш, қағаз кесетін пышақ, сия сорғыш құрлдарымен қоса, жазушының тұтынған қалта сағаты мен помбархат кілемдері де қатысушылардын назарына ұсынылды.
Аталмыш шараны Аймауытовтың ұрпақтарының да қудалауға түсіп, көп азап көргендері мен үлкен ұлы Бектұр Аймауытовтың қартайған шағында туған еліне келіп, Бұқар жырау атындағы музейде сақталған кілемді көргендегі сезімін туралы әңгімесі өте әсерлі болды.
Кездесу соныңда Жүсіпбек Аймауытов Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кітабына алғы сөзін жазып, жарыққа шығуына ат салысқандығын айтып, сол 1933 жылы шыққан кітапты жазушы Дихан Әбілевтің жеке кітапханасынан алып, музей қорына өткізгендін айтты.