Отбасы құқығы: ақпараттық сағат
2021 жылдың 25 маусымында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапхана заңгері Қуатбек Исабаевпен «Отбасы құқығы» тақырыбы бойынша ақпараттық сағат өтті. Негізгі назар кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтарына аударылды.
Іс-шара барысында Қ. Б. Исабаев ҚР-дағы бала құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі құжаттар туралы айтып берді: ҚР Неке және отбасы туралы Заңы, еңбек және қылмыстық Кодекстер және т. б. Қуатбек Берікболұлы олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталып, кәмелетке толмаған жастардың құқықтары мен міндеттерін нақты мысалдармен түсіндіріп, жасөспірімдердің еңбек қызметімен айналыса алатынын, қылмыстық жауапкершілікке қандай жағдайда тартылатынын және т. б. жағдайларды атап өтті.
Кездесу соңында Қ. Б. Исабаев аудитория тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.