Жемқорлық – қоғамға төнген қатер: кітап көрмесі
12 шілде күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Жемқорлық – қоғамға төнген қатер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге еліміздегі жемқорлықпен күрес жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері, мемлекеттің бұл құбылыспен күрес туралы қолданылатын шаралары жайлы кітаптар және мерзімді басылым беттерінен мақалалар қойылды.
Шара барысында оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығы түсіндірілді. Бұдан соң кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер жайында ақпарат берілді. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын А.Ағыбаевтың «Қылмыстық құқық», «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме», Е.Алаухановтың «Борьба с коррупцией», И.Ш.Борчашвилидің «Комментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан», С.Рахметовтың «Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией» монографиясы тудырды. Оқырмандар кітап көрмесінен сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы көптеген ақпараттар алды.